Енді Beeline абоненттері де ЭЦҚ-ны өз SIM-картасына жаза алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгіннен бастап енді Beeline абоненттері де Электрондық цифрлық қолтаңбаларды (ЭЦҚ) өз SIM-картасына жаза алады. Бұл туралы ҚР ИДМ баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Атап айтқанда, Электрондық цифрлық қолтаңбаларды сақтауға арналған SIM-карталарды өткізу жөніндегі қанатқақты жоба өткен жылдың қазан айында Астана мен Алматы қалаларында іске қосылған болатын. Ол кезде ХҚКО-да электрондық цифрлық қолтаңбаны бір ғана ұялы байланыс операторы - Altel-дің SIM-картасына ғана жазуға болатын еді.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуынша, Beeline ұялы байланыс операторының SIM-картасына жазылған ЭЦҚ-ны Астана және Алматы қалаларындағы ХҚКО-да және тиісті бөлімдерде алуға болады.

«Аталған жобаны іске қосу кезең-кезеңмен өтуде. Қазір Beeline SIM-карталары Астана мен Алматы қаласының тұрғындарына ғана қолжетімді, Қазақстанның басқа қалаларында да криптоаплеті бар SIM-карталарды іске қосу жоспарда бар», - деп атап өтті Ә. Балташева.

Beeline картасының құны 1500 теңгені құрайды, бұл ретте 200 теңге абоненттің шотына есептеледі. ХҚКО-да SIM-картаны сатып алғаннан кейін электрондық цифрлық қолтаңбаны жазу үшін инспекторға жүгіну керек. Осындай ЭЦҚ-ның қолданылу мерзімі әдеттегідей - бір жыл.

SIM-карталардағы мобильдік ЭЦҚ-ны пайдалану қазақстандықтарға «egov.kz» мобильдік қосымшасының көмегімен мекен жай анықтамаларын, жылжымайтын мүлкінің болуы (болмауы) туралы, зейнетақы аударымдары туралы анықтамаларды және басқа да қызметтерді алуға мүмкіндік беретіндігін еске саламыз. Пайдаланушылар болашақта SIM-карталардағы мобильдік ЭЦҚ-ның көмегімен «электрондық үкімет» веб-порталы, тіпті интернеті жоқ батырмалы телефондар мен тиісті мобильдік қосымшалар арқылы да қызметтер алатын болады.

Соңғы жаңалықтар