Ендi кәсiпкерлерге мөрдің қажетi жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін мөрдің міндетті түрде болуы туралы талап жойылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика вице-министрi Тимур Жақсылықов мәлiм еттi.
None
None

Мемлекет басшысы 2014 жылғы 29 желтоқсанда қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді. Осы заң бойынша, кәсiпкерлер үшiн бiршама мәселелер жеңiлдетiлген.

"Жеке кәсіпкерлік субъектілер қызметінің құру мен жоюға келетін болсақ, Заңмен кәсіпорындарды тіркеу мерзімі 1 сағатқа дейін қысқарды және 100 теңге көлеміндегі минималды жарғылық капиталдың болуы туралы талап жойылды. Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін мөрдің міндетті түрде болуы туралы талап жойылды. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін тарату рәсімі айтарлықтай оңайлатылды, енді өз қызметін тоқтатқан салық төлеуші таңдау құқығына ие болады салық органының тарату тексеруін жүргізуі немесе аудиторлық ұйымның қорытынды жасауы арқылы тарайды", - деп атап өттi ол.

Сонымен қатар, вице-министрдiң айтуынша, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауда азаматтардың негізсіз шығындарын жою мақсатында құжаттар көшірмелерін міндетті нотариалды куәландыру, коммерциялық мақсатта пайдаланылмайтын, пайдалану мерзімі 7 жылдан аспайтын жеке автокөлікті техникалық байқау, сондай-ақ көлік құралын басқаруға сенімхат жойылды.

Соңғы жаңалықтар