Енді Мемлекеттік аннуитеттік компания Үкіметке аз дивиденд төлемек

АСТАНА. ҚазАқпарат – Республикалық меншіктегі «Мемлекеттік аннуитеттік компания» АҚ енді мемлекетке аз дивиденд төлеуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Акцияларының 100% республикалық меншіктегі «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ 2022 жылдың қорытындысы бойынша жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген таза кірісінің 35 пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жұмсайды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңнамаға сай, «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-дан 2022 жылдың қорытындысы негізінде алынған таза табысының бір бөлігін халықтың әлеуметтік осал санаттарына сақтандыру төлемдерін жүргізу үшін бағыттасын», - делінген Ашық НҚА порталында Үкімет қаулысының жобасында.

Айта кетейік, жоғарыда аталған акционерлік қоғам бұған дейін таза табысының 70% мемлекетке дивиденд төлеуге бағыттап келген.

«Жоба «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ төлейтін дивидендтер сомасын 2022 жылға арналған жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген таза кірістің 70%-ынан 35%-ына дейін төмендетуді көздейді. Бұл – сақтандыру төлемдерiн, оның iшiнде халықтың әлеуметтiк осал санаттарына жүзеге асыру бойынша сақтандыру шарттарымен қабылданған мiндеттемелердi орындау үшiн сақтандыру резервтерiн қалыптастыру және қаржылық реттеуші белгілеген пруденциалдық нормативтерді сақтау қажеттілігімен байланысты», - деп түсіндірме берілген жобаға.

Үкімет қаулысы 18 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін Премьер-Министр қол қойған күннен бастап күшіне енеді.


Соңғы жаңалықтар