Эндокриндік жүйе – әйелдің ұрпақты болу функциясының негізі

АСТАНА. KAZINFORM — 24-25 мамырда елордадағы Ана мен бала орталығы базасында «Жас ерекшелігі ескерілген гинекологиялық эндокринология» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

конференция
Фото: UMC Ана мен бала орталығы

Конференцияның мақсаты – гинекологиялық эндокринология саласында тәжірибе алмасу үшін Қазақстан мен шетелдің жетекші мамандарын біріктіру. Конференцияға 400-ден астам адам қатысып, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Украина елдерінен келген спикерлер 45 баяндама жасады.

Салтанат Байқошқарова
Фото: UMC Ана мен бала орталығы
Алмаз Ибрагимов
Фото: UMC Ана мен бала орталығы
Балкенде Иманқұлова
Фото: UMC Ана мен бала орталығы
Терзик
Фото: UMC Ана мен бала орталығы

Айта кетсек, эндокриндік жүйе – әйелдер денсаулығының, атап айтқанда оның ұрпақты болу функциясының негізі. Ол етеккір циклін, жүктілікті, менопаузаны және әйел денесінің басқа да маңызды процестерін реттеуде маңызды рөл атқарады. Эндокриндік денсаулыққа қатысты проблемалар осы маңызды репродуктивті процестерді бұзып, менопаузалық бұзылулар, жатыр миомасы, эндометриоз, аналық без кисталары, жатыр мойны патологиясы, қан кету және басқалары сияқты әйелдер денсаулығының әртүрлі мәселелеріне әкелуі мүмкін. Сондықтан гинекологиялық эндокринология – әйел денсаулығының нәзік, бірақ маңызды мәселелерінің көпшілігін шешуге бағытталған медициналық білімнің ең қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі.

конф
Фото: UMC Ана мен бала орталығы
конф
Фото: UMC Ана мен бала орталығы

 

Соңғы жаңалықтар