Энергетика министрі: міндетін орындамаған инвесторлардан 4 млрд теңге өндіріп алдық
АСТАНА. KAZINFORM — Энергетика министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Ерлан Ақкенженов жер қойнауын игеру келісімін бекіткен 167 компанияның мойнында 17 млрд теңге қарыз бар екенін айтты.
— 2025 жылы келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына жүргізілген мониторинг нәтижесінде 17 млрд теңге көлемінде 167 хабарлама жолданып, бүгінгі күні шамамен 4 млрд теңге өндірілді, — деді ол.
Министр былтырдың өзінде 18 жер қойнауын пайдалану келісімшарты бұзылғанын атап өтті.
— Ол учаскелер электрондық аукцион немесе тікелей келіссөздер арқылы қайта үлестіріледі, — деді Ерлан Ақкенженов.
Бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов жер қойнауын пайдаланушыларға айыппұлды доллармен есептеу мүмкін емес екенін айтқан болатын.
Айта кетелік Shell Қазақстанда жұмысын жалғастыруға ниетті екенін жазған едік.