Энергетика министрлігіне жаңа міндеттер жүктелді

Әлихан
Фото: primeminister.kz

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Энергетика министрлігіне бірқатар жаңа құзырет беруді көздейтін қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Kazinform.

Үкімет қаулысында жазылғандай, ведомствоға мына функциялар берілді:

- ішкі нарыққа сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс көтерме және бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

- табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын, тауар биржаларынан тыс көтерме және бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгілейді;

- сұйытылған мұнай газын есепке алу аспаптарының көлемдік көрсеткіштерін массалық көрсеткіштерге ауыстырудың өңірлік коэффициенттерін есептеу және сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерінің объектілерін пайдалану кезіндегі ысырапты есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

- өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

- өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді; мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру кезінде шикізат ретінде пайдалануға қажетті көлемдердегі сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесін бекітеді;

- сұйытылған мұнай газын өндірушілерді есепке алады және олардың тізбесін өзінің интернет-ресурсында жариялайды.

Қаулы қол қойылған күннен, яғни 12 қазаннан бастап күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар