Энергетика, технология, сирек шикізат: Джорджа Мелони Орталық Азия-Италия серіктестігінің негізгі секторларын атады

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Астана халықаралық форумының екінші күніндегі пленарлық сессияға қатысқан Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелони Орталық Азия-Италия серіктестігінің негізгі секторларын атады. 

Энергетика, технология, сирек шикізат: Джорджа Мелони Орталық Азия-Италия серіктестігінің негізгі секторларын атады
Фото: Ақорда

— Сіздер Азиядан Еуропаға дейін, Жерорта теңізінен Тынық мұхит аймағына дейін тұтастық тұрғысынан көз саласыздар. Егер осы форумға ұран етіп алынған келешекті қалыптастырғымыз келсе, батылдық танытып, географиялық шекарадан шығып, жаңа жолға түсуіміз керек, — деді Италия Премьер-министрі.

Сондай-ақ, ол Италияның аймақтағы ықпалдастық байланысына негіз болып отырған салаларды атады.

— Біз мұны өзара қарым-қатынастарымызды мығым ететін, басымызды біріктіріп үлгерген бағыттардан бастап отырмыз. Мен бұл жерде ынтымақтастықтың дәстүрлі сегментіне айналған энергетика секторын айтып отырмын. Технологиядағы бейтараптылық қағидатынсыз орнықты экономиканың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмаймыз. Мен сондай-ақ, аса маңызды сирек шикізаттарды негізге алып отырмын. Бұл саладағы ынтымақтастығымыз ортақ табыс пен өзара мүмкіндіктерге бағытталған, — деді Джорджа Мелони.

Айта кетейік, кеше кешке Италия премьері Қазақстанға ресми сапармен келді

Соңғы жаңалықтар