Энергетикалық сектордағы жер қойнауын пайдаланушылардың отандық тауарларды сатып алу көрсеткіші өсті
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов отандық өндірісті дамыту мен қолдау шаралары жөнінде мәлімдеді.
– Елішілік құндылықты дамытудың тиімді жүйесін құру жөніндегі белгіленген міндеттер шеңберінде Министрлік көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы кезіндегі жергілікті қамту үлесін ұлғайту және отандық өндірушілерді қолдау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді, – деді ол.
Министр 2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша статистиканы ұсынды. Аталған кезеңде энергетикалық сектордағы жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемі 3,553 трлн теңге болды. Ал 2026 жылға бекітілген жоспар – 60,7%. Әзірге елішілік құндылық биыл 9 айда 1,967 млрд. теңге немесе 55,4% болып отыр.
– Бұл ретте бұрын жасалған меморандумдарды, келісімдерді нақты келісімшарттарға көшіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде жыл соңына дейін елшілік құндылық көрсеткіштерінің 65,5% дейін ұлғаюы күтіледі, – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан $1,2 млрд-тың энергетикалық жобалары бойынша келісімдерге қол қойғанын жазғанбыз.