Энергия ресурстары үшін жаһандық күрес күшейеді - Ұ.Қарабалин

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - 2030 жылға қарай әлемде энергия ресурстары үшін жаһандық күрес күшейеді.
None
None
Бүгін «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының VIII Еуразиялық энергетикалық форумында ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин осылай мәлім етті. Сарапшылардың болжамына қарағанда, сол кезде ғаламшардағы халықтың саны 8 млрд.-қа жетеді. Оның үштен бір бөлігі Қытай мен Үндістанда тұратын болады. «2030 жылға қарай энергияны тұтыну көлемі 30-40 пайызға өседі. Сонда энергия ресурстары үшін жаһандық күрес күшейеді. Соның салдарынан бүгінгі энергетикалық жүйе, оның қазіргі тепе-теңдігі өзгереді. Бұндай жағдайда энергия үнемдеудің маңыздылығы артып, баламалы қуат көздерін дамыту мәселесіне негізгі басымдық берілмек», - деп атап көрсетті Ұ.Қарабалин.
Соңғы жаңалықтар