Энергия тапшылығы: Атырауда қосалқы станция қашан пайдалануға беріледі

АСТАНА. KAZINFORM — Атырауда «Самал» қосалқы станциясы қараша айында қосылады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Энергия тапшылығы шешіледі: «Самал» қосалқы станциясы пайдалануға беріледі
Фото: Видеодан скрин

Ведомство атап өткендей, Атырау қаласындағы «Самал» және «Сарыөзек» ықшамаудандарын тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге арналған жаңа қосалқы нысанның құрылысы аяқталуға жақын. 

— Бүгінде жұмыс көлемінің 90 пайызы орындалды. Жоба аясында қуаттылығы 16 МВт болатын екі трансформатор орнатылған. Станция қараша айында іске қосылады. Осы бағдарлама шеңберінде «Нұрсая» қосалқы станциясынан «Самал» қосалқы станциясына дейінгі ұзындығы 2 шақырым болатын 110 кВт жоғары кернеулі электр желісі жерасты кабельдік желіге ауыстырылып жатыр, — делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Осыған дейін атыраулық кәсіпкер құрылыс материалына сұраныс артқанда электр тогы өшіп, шығынға батып жатқанын айтқан еді. Ток 2-4 сағат сөнсе, аппарат қосуға тағы сонша сағат жұмсайды. Kazinform тілшісі Энергетика министрлігі мен Атырау облысы әкімдігінен себебін сұрап білді.

Соңғы жаңалықтар