«Энергия үнемдеу туралы» заң жобасының экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, экологиялық салдары туралы болжамы ұсынылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осы заң жобасын қабылдау энергия пайдалану туралы қазақстандық заңнаманы жетілдіруге, әр түрлі мемлекеттік органдар арасындағы міндеттерді нақты бөлісуге, заңнамалық нормалардың тікелей әрекетін қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Энергия үнемдеудің негізгі мақсаты экономиканың барлық салаларында, тұрғын үй секторында және тұтас алғанда елімізде энергия тиімділігін арттыру болып табылады.
Заң жобасы энергияны ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған нақты ұйымдастыру, экономикалық және басқа іс-шаралар мен механизмдер үшін негіз жасайды. Энергия үнемдеу саясатының күтілетін нәтижесі экономиканың барлық салаларында, тұрғын үй секторында және тұтас алғанда елімізде энергия тиімділігін арттыру болып табылады.
Әлеуметтік саладағы мақсат қоғамда энергия пайдалануды барынша азайту дағдысын орнықтыру, яғни энергия үнемдеу тәртібін енгізу болып табылады. Бұл энергия ресурстарын аз тұтынған кезде қажеттіліктің қамтамасыз етілуін тұспалдайды және бұл негізінен технологияларды жетілдірмей-ақ қамтамасыз етіледі. Тәжірибе көрсеткеніндей, энергия үнемдеу тәртібі энергия үнемдеудің барлық әлеуетінің 2-10 пайызын құрауы мүмкін. Бұған оның ішінде ақпараттық насихат әдісімен қол жеткізіледі.
Энергия тиімділігін арттыру экологияға қолайлы әсер етеді. Зиянды шығарындылар (соның ішінде парник газдар) едәуір дәрежеде қазынды отынды пайдаланушы энергетика көдерімен байланысты. Тиісінше отынды аз тұтыну шығарындыларды азайтады және экологиялық ахуалды жақсартады.
Энергия үнемдеу саясатының нәтижелерінің бірі - тиімді заң шығару жүйесін құру, әрбір деңгейде энергия үнемдеуді нормативтік, әдіснамалық және бағдарламалық қамтамасыз ету. Орталық және жергілікті деңгейдегі билік органдарының бұдан арғы міндеті субъектілердің энергия үнемдеу және өзара іс-қимыл бағдарламалары мен тиісті деңгейдегі бағдарламаларын басқаруды ұйымдастыру.
Бүгінгі кезеңде энергия тиімділігін арттыру міндетін шешу мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен тұтынушылардың стратегиялық мақсаттарымен үйлеседі. Нәтижесінде, тұтас алғанда, елдің бәсекеге қабілеттігі артады.