08:37, 21 Желтоқсан 2011 | GMT +5
ENRC кәсіпорындарының еңбек ұжымдары елімізді арандатушылық пен дұшпандықтан қорғауға шақырды
ПАВЛОДАР. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар, Қостанай және Ақтөбе облыстарының ENRC кәсіпорындарының қызметкерлері Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктерге байланысты жұмысшылар «Бір-бірімізді және елімізді арандатушылықтан, зомбылықтан, дұшпандықтан, өшпенділіктен сақтайық» - деген ой өзегімен жиын өткізді, деп хабарлады корпорацияның баспасөз қызметі.

«Біз тәртіпсіздіктің салдарынан жапа шеккендер және қайтыс болған отбасыларының мүшелеріне көңіл айтамыз. ENRC корпорациясы зардап шеккендерге көмек көрсететін қорына 300 млн. теңге жебіреді», - деді ENRC PLC корпорациясы директорының міндетін атқарушы Феликс Вулис.
Қазақстандық ENRC корпорациясындағы тұрақтылық ондағы қызметкерлер мен олардың отбасылары болашаққа сеніммен қарай алатынын айғақтайды. Қазіргі уақытта ертеңгіге деген сенім, арандатушылыққа берілмеу маңызды. Тәуелсіздіктің ең басты құндылығын - еліміздегі тыныштық пен келісімді сақтай білу қажет.