Энтони Блинкен Израильге ұшып барды

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Израильге ұшып келді. Оны Израиль Сыртқы істер министрлігінің басшысы Эли Коэн әуежайдан күтіп алды. Kazinform бұл туралы ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

энтони блинкен
Фото: Виктор Федюнин/"ҚазАқпарат" ХАА

Қысқа мерзімді сапары кезінде Блинкен Израильдің ресми тұлғаларымен және Батыс қолдап отырған Палестина әкімшілігінің төрағасы Махмуд Аббаспен кездеседі.

М.Аббас Газа секторында ХАМАС-пен бәсекелес – Палестинаны азат ету ұлттық қозғалысы партиясын (ФАТХ) басқарады.

Reuters агенттігінің жазуынша, Блинкен сапары кезінде ХАМАС тұтқынға алған азаматтарды босату (олардың қатарында АҚШ азаматтары да бар), сондай-ақ Газаның бейбіт тұрғындары үшін қауіпсіз дәліз ұйымдастыру мәселелерін талқылайды.

Соңғы жаңалықтар