ЕО Астанада қаржы орталығын құру бастамасын қолдайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ЕО тарапы Қазақстан қабылдаған реформалар жолын бұдан ары қарай да қолдайды. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамоталарын тапсырғаннан кейін Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің Елшісі Траян Христеа мәлім етті.
None
None

«Еуропалық одақ Қазақстан қабылдаған реформалар жолын, 100 нақты қадам бағдарламасын ары қарай да қолдайды. ЕО-да бұндай қолдау бағытында нақты ұсыныстары бар», - деді ол. Дипломаттың сөзіне қарағанда, Еуропалық одақ меритократия жүйесін нығайту бойынша бұдан кейін де қолдау жасайтын болады. Осы орайда ол бұл тұрғыда мемлекеттік қызметті модернизациялау мен ғылыми-технологиялық даму көмек көрсету бағытында нақты жоба бар екенін атап өтті. Сонымен қатар Траян Лауренцю Христеа ЕО мен Қазақстан арасында жақында Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қою жоспарланып отырғанын жеткізді. Бүгінде бұл құжат аясында келіссөздер аяқталды. Оның сөзіне қарағанда, бұл жобалар мен келісімдер сауда және инвестиция саласында қатынастарды ары қарай кеңейтуге негізделген. «Біз ағылшын құқығы негізінде жұмыс істейтін Астанада қаржы орталығын құру жобасын қолдаймыз. Бұл бастама Қазақстанға инвестиция ағымын арттыруға ықпал ететіні сөзсіз», - деді дипломат.

Соңғы жаңалықтар