ЕО басшылығы қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясына қатысады
16-18 ақпан аралығында Мюнхен қауіпсіздік конференциясына Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен, Еуропалық комиссияның атқарушы вице-президенттері Маргрете Вестагер, Валдис Домбровскис және Марош Шефчович, Еуроодақтың жоғарғы өкілі Жосепп Боррель қатысады.
Биыл Мюнхен қауіпсіздік конференциясына 60 жыл толады.
Мюнхен конференциясы 1963 жылдың ақпанынан бері Мюнхенде өткізілетін жыл сайынғы халықаралық конференция, онда саясаткерлер, әскери және бизнес өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен қауіпсіздік саласындағы сарапшылар дипломатиялық және хаттамалық талаптардан тыс қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылайды. Конференцияның негізгі мақсаты – сыртқы саясат, қауіпсіздік және қорғаныс саясатының өзекті мәселелерін талқылау.
Жұма күні ЕК президенті У. Ляйен мен вице-президенті Маргаритис Схинас трансатлантикалық форумда «Еркін әлемдік тәртіпті экстремизмнен қалай қорғауға болады» тақырыбындағы пікірталасқа қатысады.
Атқарушы вице-президент М.Вестагер жасанды интеллект және сайлау, Солтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығы және ЕО-Қытай ынтымақтастығы жөніндегі іс-шараларға қатысады.
Атқарушы вице-президент Валдис Домбровскис экономикалық қауіпсіздікке арналған түскі асқа қатысады.
Еуропа дипломатиясының басшысы Жозепп Боррелль конференция аясында G7 елдерінің сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысады.
Ал ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысады.