09:10, 26 Қазан 2015 | GMT +5
ЕО босқындарды қабылдау орталықтарында тағы 100 мың орын дайындамақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЕО елдерінің көшбасшылары Брюссельдегі шұғыл саммитте босқындарды қабылдау орталықтарында қосымша 100 мың орын құруға келісті.

ЕО саммитінің Балқандағы көші-қон дағдарысы бойынша қорытынды мәлімдемесінде айтылғандай, бұл үшін қаражатты Еуропа инвестициялық банкі, Еуропа қайта құру және даму банкі және Еуропалық кеңестің даму банкі бөлуге уәде берген.
Тек Грекияға ғана өткен аптада күн сайын 9 мың мигранттан келген.
Жаңа шартқа сәйкес, жыл соңына дейін онда 30 мыңға дейін адамды сыйдыра алатын қосымша орталықтар ашылуы тиіс.
БҰҰ босқындар ісі бойынша комитеті 20 мың орынды қамтамасыз етпек.
БҰҰ сонымен қатар, Германия мен Скандинавияға жетуге әрекеттенген мигранттар үшін Балқан елдерінде 50 мың адамға арналған орталықтар құру мәселесіне жауап беретін болады.