ЕО-да ақша жылыстату және терроризмді қаржыландырумен күресетін жаңа орган құрылады

Еуроодақ
Фото: pixabay

Еурокомиссия сәрсенбі күні Еуропалық парламент пен Еуропалық кеңес арасындағы ЕО-ның ақша жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі жаңа органын (AMLA) құру туралы алдын ала келісімін құптайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Жаңа орган ЕО-ның орталықтандырылмаған реттеуші агенттігі түрінде құрылады деп жоспарланды.

Еурокомиссия хабарламасында ЕО-ның жаңа органының құрылуы ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күресті қадағалауды өзгертеді және ЕО қаржылық барлау бөлімшелері арасындағы ынтымақтастықты жақсартады делінген.

Енді құрылатын AMLA құрылымы ЕО ережелерін дұрыс және дәйекті қолдануды қамтамасыз ету үшін одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық органдарын үйлестіретін болады.

AMLA-ның қаржы секторы ақшаны жылыстату мен терроризмді қаржыландыру қаупі жоғары ұйымдарды тікелей бақылайды.

Соңғы жаңалықтар