ЕО-да шетелдіктердің кіріп-шығуын бақылайтын жаңа жүйе іске қосылады

АСТАНА. KAZINFORM — Еуропалық комиссия кіру-шыққанды тіркеу жүйесін (Entry/Exit System, EES) іске қосу күнін белгілеп, оны 2025 жылғы 12 қазанға жоспарлап отыр. Бұл туралы АЗЕРТАДЖ агенттігі хабарлайды.

ЕО-да шетелдіктердің кіруі мен шығуын бақылаудың жаңа жүйесі іске қосылады
Фото: Азертадж

Жүйені енгізу алты ай ішінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылады және 2026 жылғы 10 сәуірде толық аяқталады.

Жаңа жүйе 29 елді қамтиды: ЕО-ға мүше барлық мемлекет (Кипр мен Ирландиядан басқа), сондай-ақ Исландия, Лихтенштейн, Норвегия және Швейцария.

Жүйе ЕО құрамына кірмейтін елдердің азаматтары үшін қысқа мерзімді сапарлар кезінде кіру және шығу деректерін автоматты түрде тіркеуге арналған.

EES паспортаға қолмен мөр басу рәсімін алмастырады.

Шекараны алғаш рет кесіп өткен кезде саяхатшылардан паспорт деректері, кіру мен шығу күні және орны, сондай-ақ биометриялық мәліметтер — саусақ іздері мен бет-әлпет суреті жиналады.

Жаңа жүйенің басты мақсаты — шекаралық бақылауды жеделдету, кезектерді азайту және қауіпсіздікті арттыру. Сондай-ақ жүйе қонақ болу мерзімін бақылауға, ережебұзушыларды анықтауға, құжаттық алаяқтықтың жолын кесуге, терроризм мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күреске мүмкіндік береді.

Жүйе толық енгізілгенге дейін кейбір шекаралық өткелдерде дәстүрлі мөр басу тәртібі сақтала бермек.

Бұдан бұрын Еуроодақ Түркия азаматтары үшін Шенген визаларын рәсімдеуді жеңілдеткенін жаздық.

Соңғы жаңалықтар