ЕО дипломатиялық қызметінің бұрынғы басшысы Могерини қамаудан босатылды

АСТАНА. KAZINFORM — Сәрсенбі күні Еуропалық комиссияның бұрынғы вице-президенті Федерика Могерини мен Еуропалық комиссия директораттарының бірінің басшысы Стефано Саннино ұзақ жауап алудан кейін қамаудан босатылғаны жарияланды, деп хабарлады Kazinform меншікті тілшісі.

Бывшая глава дипслужбы ЕС Могерини освобождена из-под стражи
Фото: Sebastian Christoph Gollnow/dpa/picture alliance

Бельгия баспасөзінің хабарлауынша, еурокомиссияның жоғары шенді шенеуніктерін тергеу сейсенбі сағат 14:00–ден түнге дейін жүргізілген. Оларға еуропалық қаржыны мақсатына сай пайдаланбады және ЕО-ның болашақ дипломаттарын дайындайтын «Еуропа колледжінің» мүддесіне жұмыс істеді деген күдік келтіріліп отыр. 
Бельгия полициясы сейсенбі күні Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінде (ЕСІҚ), сондай-ақ Брюгге қаласындағы «Еуропа колледжі» оқу орнында ЕО қаражатының мақсатсыз пайдаланылуын тергеу аясында бірқатар нысанға тінту жүргізді.

Еурокомиссияның бұрынғы вице-президенті, «Еуропа колледжінің» басшысы Федерика Могерини мен Стефано Саннино, ЕСІҚ-ның бұрынғы Бас хатшысы және DG MENA дипломатиялық қызмет басқармасының қазіргі басшысы (Таяу Шығыспен байланыс үшін жауапты) ұсталғаны хабарланды.

Бүгін Ф.Могерини мен С. Саннино «қашу қаупі» жоқ болғандықтан қамаудан босатылды.

Le Soir-дің жазуынша, олар кепілдікпен босатылды. Газет хабарласқан Федерика Могеринидің қорғаушысы Черки ханым оның клиентінің «қандай да бір шартсыз» босатылғанын айтты.

— Тыңдау ұзаққа созылды және өте жақсы өтті. Менің клиентім түн ортасында қандай да бір шартсыз босатылды, — деп түсіндірді адвокат.

Соңғы жаңалықтар