ЕО елдері БҰҰ әскерін Ливанның оңтүстігінен шығармайды - Аустрия СІМ

АСТАНА.KAZINFORM – Ливандағы БҰҰ бітімгершілік күшіне (UNIFIL) үлес қосып жатқан Еуропалық Одақ елдері Израильдің шақыруларына қарамастан, елдің оңтүстігінен әскерлерін шығаруға ниеті жоқ. Бұл туралы Аустрия Сыртқы істер министрі Александр Шалленберг мәлімдеді.

Страны ЕС не выведут войска ООН с юга Ливана – МИД Австрии
Фото: UNIFIL / Pasqual Gorriz/UN

Жексенбі күні премьер-министр Биньямин Нетаньяху БҰҰ-ны Ливандағы БҰҰ уақытша күштерін (UNIFIL) «Хезболла» бекіністері мен ұрыс аймақтарынан шығаруға шақырды.

Алайда дүйсенбі күні Еуроодақ сыртқы істер министрлерінің пікірталастарын қорытындылаған Аустрия Сыртқы істер министрі Шалленберг Еуропа елдерінің әскерлерін шығару немесе қайтару ниеті жоқ екенін айтты.

- Шегіну туралы ешқандай пікірталас болған жоқ. Олар сонда қалады, бірақ біздің әскерлердің қауіпсіздігі мен тұтастығы маңызды және барлығымен қамтамасыз етілуі керек, - деді министр Брюссельде Reuters агенттігіне берген сұхбатында.

Израильдің «Хезболлаға» қарсы жерүсті операциясы 1 қазанда басталғаннан бері БҰҰ бітімгерлішілік күші позициялары атқылауға ұшырады және Израильдің екі танкісі базалардың біріне басып кірді, деп хабарлады БҰҰ. Бес бітімгер жарақат алды.

ЕО-ның он алты елі, соның ішінде Аустрия БҰҰ-ының бітімгершілік күшіне өз үлесін қосты және соңғы оқиғалар еуропалық үкіметтер арасында кең алаңдаушылық тудырды. Миссияның жалпы саны 10 мыңдай болса, оның 3,6 мыңға жуығын Еуропа елдері жіберген. Аустрия БҰҰ-ының бітімгершілік күшіне 160-қа жуық жауынгер жіберді.

Еуропалық шенеуніктердің айтуынша, ЕО-ға қатысушы елдер бүгін әскер саны, жабдықталуы және ережелеріндегі миссияның қазіргі жағдайы мен ұзақ мерзімді рөліне арналған бейнеконференция өткізуді жоспарлап отыр.