ЕО Қазақстан азаматтарына визалық режімді жеңілдетуді назарға алды

«Бүгінде Еуропалық одақтан жақсы хабар келіп жатыр. Олар жақында Қазақстан азаматтары үшін визалық режімді жеңілдету туралы мәселені талқылауға кіресетін болады», - деп атап өтті Қ. Әбдірахманов Мәжілісте өткен Үкімет сағатынан кейін.
Өз кезегінде Парламент Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев соңғы жалдары Қазақстан ЕО елдеріне сапарлауды жеңілдетуге қатысты тиісті қадамдар жасап жатқанын атап өтті.
«ЕО тарапы бұл мәселені тыңғылықты қарастыруға дайын екенін аңғартты. Менің ойымша, бұл тақырыпты талқылау жөніндегі мұндай шешім айтарлықтай ілгерілеу болғанын білдіреді. Сондықтан да біздің дипломаттар азаматтарымыздың Еуропалық одаққа сапарлары жеңілдетілген визалық режімде іске асырылуы бағытында белсенді жұмыстарды атқарады деп үміттенеміз», - деді депутат.