ЕО кеңесі Грузияға визасыз режімді енгізуді мақұлдады

Құжатқа енді ЕО Кеңесі мен Еуропалық парламент қол қоюы тиіс. Оның мәтіні ЕО-ның ресми журналына жарияланады. Осыдан 20 күннен кейін визасыз режім күшіне енеді, деп хабарлайды Би-Би-Си .
Бұл Грузия азаматтары ЕО-ға туристік, отбасылық, және іскерлік мақсатта визасыз бара алады дегенді білдіреді. Алайда бұл биометрикалық төлқұжаттары барларға ғана қатысты.
Визасыз режім бұл мәселені ұлттық заңнамалары реттейтін Ұлыбритания мен Ирландияға қолданылмайды.
Еуропарламент осы жылғы 2 ақпанда визасыз режімді енгізуді мақұлдады.
ЕО мен Грузия арасындағы визасыз режімді енгізу туралы келіссөздер 2012 жылы басталған. Басты кедергілердің бірі ЕО-ға қатысушы елдер желтоқсанның басында уағдаласқан визасыз режімді тоқтату тетігі болды.
Бұл тетік төтенше жағдайларда жұмыс істеуі тиіс және бір уақытта визасыз режімді енгізумен әрекет ете бастайды. Визасыз режімді тоқтатуды ЕО елдерінің кез келгені немесе Еурокомиссия талап ете алады.