ЕО Мажарстанды уақытша дауыс беру құқығынан айырмақ

АСТАНА. KAZINFORM – Еуропалық Одақ Мажарстанды ЕО Кеңесінде уақытша дауыс беру құқығынан айыру мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Еврокомиссия намерена отстаивать интересы Евросоюза в связи с пошлинами США
Фото: freepik

Бұл талқылау Одақ өкілдерінің пікірінше, Мажарстан әрекеттерінің құқық үстемдігі, сөз бостандығы сияқты шешуші құндылықтарға қарама-қайшылығымен байланысты болып отыр.

Еуропалық Одақ Кеңесі веб-порталдағы күн тәртібіне сәйкес 27 мамыр күні өтетін мәжілісте Мажарстанды дауыс беру құқығынан айыру мүмкіндігіне қатысты тыңдау өткізді.

Бұл Еуропа парламенті 2018 жылы Мажарстанға қарсы 7-ші бапты қолдану процедураларын бастағалы сегізінші тыңдау болып отыр.

ЕО Келісімінің 7-ші бабы егер ЕО-ға мүше мемлекет ұйымның негізгі ұстанымдарын қайта-қайта бұза беретін болса, оны Кеңесте дауыс беру құқығыннан айыру мүмкіндігін қарастырады.

Егер шара қолға алынса, ол ЕО-ның ұйымға мүше мемлекеттердің барлығы бірауыздан дауыс беруі тиіс шешім қабылдау үдерісіне әсер етеді.

Осыған дейін Еуропалық Одақтың Temu-ге қарсы дабыл қаққаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар