ЕО-мен келіссөз: виза бойынша қандай жеңілдіктер ескеріліп отыр

АСТАНА. KAZINFORM – Еуропа одағының Қазақстанға виза режимін жеңілдетуге арналған құжат жобасында қандай талаптар ұсынылып отыр? Бұл сұраққа Сыртқы істер министрлігі жауап берді.

Министерство иностранных дел Казахстана, МИД, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, ҚРС
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

- 2025 жылғы 27 наурызда Еуропа Одағына мүше мемлекеттер Қазақстанмен виза беруді жеңілдету жөніндегі келісімді жасау үшін Еуропалық комиссияның мандатын мақұлдады. Қазақстан – Еуропа Одағымен визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайтын Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет. Бұл – екі тарап арасындағы сенім мен стратегиялық серіктестіктің айқын белгісі, - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Атап айтқанда, келіссөздер визалық режимнің негізгі аспектілерін қамтиды. Бұл тұрғыда өтініштерді қарастыру мерзімдерін қысқарту, виза құнын төмендету, артықшылықты санаттарды кеңейту, құжаттарға қойылатын талаптарды жеңілдету, сондай-ақ ұзақ мерзімді көп мәртелік визаларды алу мүмкіндіктерін арттыру.

- Бұл өзгерістер отандастарымыздың Еуропаға сапарларын жеңілдетіп, бизнес, ғылым және мәдени алмасуға жаңа мүмкіндіктер ашады, - деп аталып өткен вкдомство ақпаратында.

Еске салсақ, 2023 жылы Қазақстан мен ЕО виза режимін жеңілдету бойынша ресми келіссөздерді бастайтынын жазған едік.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл наурыз айының аяғында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық комиссияның вице-президенті Кая Калласпен кездесті.

ЕО Жоғарғы өкілі К. Каллас Еуропалық комиссия мен Қазақстан арасында виза беру тәртібін жеңілдету жөніндегі келісімді бекіту үдерісі басталғанын айтты. 

Соңғы жаңалықтар