ЕО министрлері Ирандағы шиеленісті талқылауға жиналады

АСТАНА. KAZINFORM – Дүйсенбі күні Брюссель қаласында Еуропалық Одақтың Сыртқы істер кеңесінің отырысы өтеді. Онда ЕО-ға мүше мемлекеттердің сыртқы саясат ведомстволарының басшылары бас қосады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

ЕО министрлері Ирандағы шиеленісті талқылауға жиналады
Фото: АА

Жексенбі күні ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Кая Каллас былай деді:

– Иранға ядролық қару жасауға жол беруге болмайды, өйткені бұл халықаралық қауіпсіздікке қауіп төндіреді. Барлық тараптарды шегініп, келіссөздер үстеліне қайта отыруға және жағдайдың одан әрі ушығуына жол бермеуге шақырамын, – деді.

Оның айтуынша, ЕО сыртқы істер министрлері бұл мәселені дүйсенбі күні арнайы талқылайды.

Еске сала кетейік, АҚШ Иранның ядролық нысандарына соққы жасап, Трамп операцияны сәтті деп атады.

Артынша Дональд Трамп Иранның уран байыту нысандарын толықтай жойғанын мәлімдеді.

Бүгін ҚР СІМ Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты мәлімдеме жасады.

Соңғы жаңалықтар