ЕО саяси тұрақтылық орнап, қарыз дағдарысы жойылады деген үмітпен Л.Пападимостың Греция Премьері болып тағайындалуын құптайды

ЮССЕЛЬ. 11 қараша. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Еуроодақ кеңесінің төрағасы Херман Ван Ромпей мен Еурокомиссия төрағасы Жозе Мануэль Баррозу елде саяси тұрақтылық орнап,
None
None

экономикалық дағдарыс жойылады деген үміттерін айта келе, Еуропалық орталық банкттің бұрынғы вице-президенті Лукас Пападимостың Грекия коалициялық үкіметінің басшысы болуын қолдайтындықтарын жеткізді, деп хабарлайды ЕО кеңесінің баспасөз қызметі.

«Коалициялық үкімет құру туралы қол жеткізілген келісімдер Грекияға жаңа мүмкіндіктер береді. Біз көптен бері Грекияны экономикалық дағдарыстан шығару мақсатымен кең ауқымды саяси пәтуа керек екенін айтып келеміз», - делінген ЕО басшылығының бірлескен мәлімдемесінде.

Еуропалық саяси институттардың басшылары атап өткендей, 2012 жылдың ақпанындағы мерзімінен бұрын өтетін сайлауға дейін жұмыс істейтін жаңа коалициялық үкіметтің уақытша мандатына қарамастан, осы министрлер кабинетіне жүктелетін міндет өте көп.

Жаңа Премьер-Министрдің кандидатурасын парламент бекітуі керек. Күтіліп отырғандай, сайлау дүйсенбі, 14 қараша күні өтеді.

Соңғы жаңалықтар