ЕО СІМ басшылары Иранға қатысты шұғыл видеоконференция өткізеді

АСТАНА. KAZINFORM — Еуропалық одақтың Сыртқы істер министрлері шұғыл видеоконференция форматында бас қосады. Бұл туралы ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Кая Каллас мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Брюссельдегі меншікті тілшісі. 

ЕО СІМ басшылары Иранға қатысты шұғыл видеоконференция өткізеді
Фото: ТАСС

27 мүше мемлекеттің сыртқы істер министрлері қатысатын кеңес бүгін Еуропа уақытымен сағат 17:00-де басталады.

Күн тәртібінде — Иран төңірегіндегі жағдай және аталған дағдарысқа қатысты еуропалық ұстанымды қалыптастыру мәселесі.

Еске салайық, дүйсенбі күні Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйен Қауіпсіздік алқасының шұғыл отырысын өткізеді. Жиынға 27 еурокомиссар қатысады.

Бұған дейін Израиль Тегеран қаласына әуе соққыларының жаңа толқынын жасағаны хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум