ЕО соты Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйенге қатысты шешім шығарды
АСТАНА.KAZINFORM - Сот Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйенді COVID-19 пандемиясы кезінде Pfizer компаниясының бас директорымен вакцина сатып алуға қатысты алмасқан хаттарын жария етуге міндеттеді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Сәрсенбі күні Еуропалық одақ соты У.Ляйенге қатысты іс бойынша резонансты шешім шығарды.
Осылайша, Еуропалық одақтың сот органы Еурокомиссия басшысы мен Pfizer фармацевтикалық компаниясының бас директоры Альберт Бурла арасындағы хат алмасуды ашу шешімін жойды.
Бұған дейін америкалық The New York Times газеті COVID-19 вакциналарын сатып алу туралы ірі мәміле талқыланған мәтіндік хабарламаларды (SMS) жариялау туралы өтініш берген. Таблоид 2023 жылы сотқа шағымданып, У.Ляйен мәтіндік хабарламаларды жариялаудан негізсіз бас тартты деп мәлімдеді.
35 миллиард еуроны құрайтын вакцина келісімімен байланысты хабарламаларға қатысты жағдай Еуропалық комиссияда құпиялылық пен институционалдық бұлыңғырлық деген айыптау тудырды.
-Бұл шешім У.Ляйеннің жоғары орталықтандырылған көшбасшылық стиліне қатысты алаңдаушылықты арттырып, елеулі саяси реакция тудыруы мүмкін, деп жазады Euractiv.
- Сот талқылауының негізі саналатын құжаттарға қол жеткізу туралы ЕО Ережесі Комиссиядан «қоғамға және Сотқа қаралып отырған құжаттардың неліктен табылмайтынын түсінуге мүмкіндік беретін сенімді түсінік беруді" талап етеді, - деп жалғастырды сот.
Айта кетейік, Еуропалық Одақ ең ірі партия басшысын таңдады.