ЕО, Украина АҚШ-тың бейбітшілік жоспарын 23 қарашада талқылайды
АСТАНА. KAZINFORM – Еуропа Одағы, Украина, АҚШ-тың бейбітшілік жоспары бойынша кездесуі 23 қарашада өтеді, деп хабарлайды ТАСС.
DPA агенттігінің ГФР-дың үкімет мүшелері айналасындағы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлауынша, Вашингтонның бейбіт келісімі ЕО-ның АҚШ-тағы әріптестері және Украина өкілдерімен жексенбі күні Женевада өтетін кездесуде талқыланады.
Сонымен қатар ТАСС-тың хабарлауынша, ЕО, Канада мен Жапония көшбасшылары Йоханнесбургтегі кездесу қорытындысы бойынша АҚШ-тың Украина бойынша жоспарын жетілдіруді талап етіп отыр және олар Украина әскерінің қысқартылуына алаңдаулы.
Бұл туралы ЕО институттары көшбасшыларының Еурокомиссия жариялаған бірлескен мәлімдемесінде айтылған. Олардың қатарында Германия, Франция, Италия, және ЕО-ға кірмейтін Ұлыбритания, Норвегия, Жапония мен Канада да бар. Мәлімдеме G20 аясында батыс елдері көшбасшыларының шұғыл кездесуінің қорытындысы бойынша қабылданған.
Олар сонымен қатар Украина әскерінің қысқартылуына алаңдаулы. Себебі ол елді әлсіретеді.
Осыған дейін Трамптың Украинадағы бейбітшілік жоспарының барлық 28 тармағы жарияланды.
Сондай-ақ Путин мен Зеленский Трамптың бейбітшілік жоспарына жауап берді.