ЕО жел мен күн энергиясының рекордтық көлемін өндіріп жатыр

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Жел және күн энергиясы Еуропа Одағындағы электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінің рекордтық 24%-ын құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.
None

E3G және Эмбер климаттық талдау орталықтарының есептеріне сәйкес, жаңартылатын энергия көздерінің өсуі ЕО-ның 27 еліне осы жылдың наурыз-қыркүйек айлары аралығында газ импортынан 99 миллиард еуро үнемдеуге мүмкіндік берді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11 миллиард еуроға артық.

Жаңартылатын энергия көздерінің өсуі Ресей газына тәуелділікті төмендетуге бағытталған, оның үлесі 2020 жылы ЕО импортының 41%-ын құрады.

Есепке сәйкес, ЕО-ға мүше 27 мемлекеттің 19-ы наурыз айынан бастап жел мен күн энергиясының рекордтық өндірісіне қол жеткізді.

Польшада жылдық ең жоғары пайыздық өсім 48,5% болды, ал Испанияда өндірістің ең үлкен абсолютті өсімі 7,4 тераватт-сағат (Твтсағ) тіркелді. Тек Испания ғана 1,7 миллиард еуро көлемінде газ импорты шығындарынан құтылды.

Осы жылдың наурызынан қыркүйегіне дейін жел мен күннен бүкіл ЕО бойынша 345 ТВт/сағ электр қуаты өндірілді. Егер осы жазда құрғақшылыққа байланысты гидроэлектр энергиясының өндірісі 21%-ға қысқармаса, жаңартылатын энергия көздерінің жалпы қуаты әлдеқайда жоғары болар еді.

Алайда, сараптамалық орталықтар газдың үлесі сол кезеңде ЕО электр энергиясының шамамен 20%-ын құрағанын ескертті, бұл шамамен 82 миллиард еуро.

2022 жылдың қыркүйегінде энергия шығындары өткен жылмен салыстырғанда 40,8%-ға өсті, бұл ЕО-дағы инфляцияның жалпы көрсеткіштерінің 36%-ын құрады.


Соңғы жаңалықтар