08:55, 27 Қыркүйек 2021 | GMT +5
Эпидахуалды бағалау матрицасы: 5 өңір «қызыл» аймақта тұр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 27 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстары.
«Сары» аймақта : Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары.