22:57, 26 Тамыз 2020 | GMT +5
Эпидемиологиялық жағдайы жақсы ауылдарда балалар мектепке барып оқиды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Эпидемиологиялық ахуалы жақсы шалғай ауыл оқушылары мектепке барып білім алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.
«Санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы жақсы елді мекендердегі мектептерде мектепалды даярлық, 1-11 сынып оқушылары қалыпты режимде оқи береді. Санитарлық талаптар қатаң сақталады» деп мәлім етті министрліктен.
Егер ата-аналар баласын мектепке жібермейміз деп ұйғарса, онда мектеп балаларды қашықтан оқытады.
Қашықтан оқытуда мынадай қолжетімді құрылғылар мен байланыс құралдары пайдаланылады: интернет-платформа, WhatsApp, компьютер, ноутбук, планшет.