Эпштейн ісі бойынша тексеру басталды – Бас прокурор

АСТАНА. KAZINFORM – Еліміздің Бас прокуратурасы Эпштейн ісі бойынша тексеру бастады. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов айтты.

берік асылов
Фото: Kazinform

Бұған дейін Бас прокурордың атына сауал жолдаған ЖСДП фракция жетекшісі, депутат Асхат Рахымжанов еліміздің бұрынғы жоғары лауазымды экс-шенеуніктерінің Джеффи Эпштейнмен байланыстарын тексеру қажеттігін айтқан болатын.

- Әрине, бұл маңызды мәселе. Мұны бүкіл әлем талқылап жатыр. Сондықтан Бас прокуратура да, өзге де ведомстволық органдар аталған фактілердің болған-болмағанын тексереді, - деді ол Ақордада.

Бас прокурор нақты адамдардың аты-жөнін атаған жоқ. Бірақ, БАҚ өкілдері тарапынан қойылған Кәрім Мәсмовке қатысты нақтылау сұрағына ол аталған тұлғаға қатысты алдын ала тексеру басталғанын растады.

- Алдын ала тексеруді бастадық. Депутат Эпштейн Қазақстанға келді ме, келмеді ме деген сауал қойды. Осыған қатысты тексеру жүріп жатыр. Ал Келімбетовтің барған-бармағаны қосымша тексеріледі, - деді Берік Асылов.

Соңғы жаңалықтар
Референдум