Ер адам Қытайдан заңсыз 600 келі футболка алып өтпек болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қорғас» өткізу пунктінің қазақстандық шекарашылары тәулік ішінде футболка және ұялы телефон - жүгімен екі қазақстандықты ұстады.
None
None

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес Қазақстанның 24 жастағы азаматы алты центнер футболка алып өтпек болған. Ол Халықаралық шекара ынтымақтастығы орталығынан Қазақстанға бет алған.

Осы күні 27 жастағы қазақстандық «Samsung» маркалы 15 ұялы телефонды шекарадан заңсыз өткізбекке әрекеттенген. Ол да Халықаралық шекара ынтымақтастығы орталығынан Қазақстанға өтпек болған. Гаджеттер жүксалғыштан табылды.

Барлық факті бойынша бірлесе іс-қимыл жасайтын органдар қызметкерлері хабардар етілді.

Соңғы жаңалықтар