Ер адам зайыбы мен қызын өлтірді

ТАЛДЫҚОРҒАН. 9 қазан. ҚазАқпарат - Талғар ауданына қарасты Кеңдала кентінде отағасының қолынан оның зайыбы мен қызы қаза тапты.
None
None

Облыстық ІІД-нен хабарлағандай, полицейлер алдын ала тергеу кезінде қарапайым отбасылық ұрыс ер адамды зайыбына қол жұмсауына әкеліп соқтырғанын анықтады. Әкесі анасына болысқан қызына да бірнеше рет пышақ салды, соның салдарынан ол оқиға орнында мерт болды. Бірнеше пышақ жарақатын алған әйел аудандық ауруханада есін жинамастан көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар