Эр-Риядта АҚШ пен Украина делегацияларының келіссөзі аяқталды

АСТАНА. KAZINFORM - Келіссөз екі сағатқа жуық уақытқа созылды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Эр-Риядта АҚШ пен Украина делегацияларының келіссөзі аяқталды
Фото: trt.global

Эр-Риядта АҚШ пен Украина өкілдерінің кездесуі аяқталды. Қорғаныс министрі Рустам Умеров бастаған Украина делегациясы келіссөз залынан шығып кетті.

Келіссөз шамамен екі сағатқа созылды. Умеровтен бөлек, жиынға президент кеңсесі басшысының орынбасары Павел Палиса қатысты. Америкалық делегация құрамында Мемлекеттік департаменттің саясатты жоспарлау жөніндегі директоры Майкл Антон, сондай-ақ Украина бойынша арнайы өкіл көмекшілері Кит Келлог пен Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Майка Уолтц болды.

Kazinform үшін арнайы ТАСС серіктес агенттігі ұсынған.

Айта кетейік, Ресей мен АҚШ келіссөзі 24 наурызда Эр-Риядта өтеді.

Бұған дейін Украинаның Қорғаныс министрі Рүстем Умеров Х әлеуметтік желісінде Сауд Арабиясында АҚШ-тың делегациясымен келіссөздер басталғанын мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар