Эр-Риядта Қазақстан Елшісі Сауд Арабстаны Сауда-өнеркәсіп палатасы одағының бас хатшысымен кездесті

АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат – Кеше Эр-Риядта Қазақстан Республикасының Елшісі Қ.Лама Шәріп Сауд Арабиясы Корольдігі Сауда-өнеркәсіп палатасы одағының бас хатшысы Фахд бен Салех ас-Сұлтанмен кездесті.
None
None
Кездесу барысында болған сұхбатта тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.ҚР Елшісі Сауд Арабстаны Корольдігі Сауда-өнеркәсіп палатасы одағының басшыларын Қазақстандағы қолда бар инвестициялық мүмкіндіктермен саудтық кәсіпкерлерді таныстыруға көмек көрсетуге шақырды. Оның пікірінше, екі елдің іскер орталары ауыл шаруашылығының, құрылыстың, өнеркәсіптің түрлі салаларында барынша тиімділікпен ынтымақтастық орната алған болар еді. Екі ел кәсіпкерлерінің мүдделерін Қазақстан-Сауд Арабстаны үкіметаралық және Іскерлік кеңестері атқара алады. Қазіргі уақытта тиімді көліктік бағдарларды анықтау жұмыстары жүргізілуде, атап айтқанда тұрақты әуе қатынастарын ашу, саудтық кәсіпкерлер үшін виза беру ресімдерін жеңілдету мәселелері әзірленуде.Өз кезегінде Сауда-өнеркәсіп палатасы одағының бас хатшысы өзі басшылық жасап отырған ұйымның Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты жан-жақты кеңейтуге ұмтылып отырғанын қуаттады.
Соңғы жаңалықтар