«Ер Төстік» атты ертегілер тақырыбына жазылған байқаудың қорытындысы шығарылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 7 желтоқсан. Қазақпарат /Сандуғаш Дүйсенова / - Алматы облысында денсаулық жағынан мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер арасында «Ер Төстік» атты ертегілер тақырыбына жазылған байқаудың қорытындысы шығарылды.
None
None

Ескелді ауданындағы «Демеу» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ахат Ұзақбаев хабарлағандай, аталмыш ертегілер байқауы шығармашылық бейімі бар, дарынды мүгедек балаларды анықтап, әрі қарай оларды дамыту үшін өткізген болатын.

«Осы байқауды мүгедек балалар шығармашылық арқылы өздерін көрсетуге, одан әрі қарай дамулары үшін ұйымдастырдық. Олар да қоғамның тең құқылы мүшесі екенін айтқымыз келді» , - дейді Ахат Ұзақбаев.

Байқауға Қазақстаннның түкпір-түкпірінен 28 мүгедек бала қатысты. Шығармалар қазақ және орыс тілдерінде жазылды.

«Алматы облысында тұратын байқаудың 9 қатысушысына шипажайға жолдама берілсе, қалғандары бағалы сыйлықтарын пошта арқылы алады», - деп түсіндірді Ахат Ұзақбаев.

Соңғы жаңалықтар