ЕРӘЛІ ХАН

Ерәлі, Ермұхамедәлі (шамамен 1721-1794) Кіші жүз ханы (1791-1794), Әбілхайыр ханның баласы.
None
None

Ерәлі жастайынан әкесімен бірге хан кеңестеріне қатысып, әкімшілік істерге ерте араласады.

1733 жылы қаңтар айында Әбілқайыр ханның Ресей империясына жіберген елшілігін басқараған. Бұл елшіліктің құрамында ағасы Ниязсұлтан да болды. 10 ақпанда Уфа арқылы Ресей астанасына жеткен елшілікті Ресей патшайымы Анна Иоанновна салтанатты түрде қабылдайды. Ерәлі әкесі Әбілхайыр ханның ерік қалауын білдіре отырып, Ресей патшасынан Кіші жүз қазақтарына «биік патша ағзамының қолдау көрсетуін» өтінеді.

Ерәлі Әбілхайырдың аманаты ретінде Ниязсұлтанмен бірге Санкт-Петерборда қалады. Олар бірте бірте Ресей империясының отарлау саясатының шын сырын таниды. Елге қайтуға асығып, Ерәлі әкесінен аманаттыққа басқа баласын жіберуді өтінеді. 1738 жылы Санкт-Петерборға үшінші ұлы Қожахметті жібереді.

Ерәлі ағасы Ниязсұлтанмен бірге Орынборға жетіп, сол жерде біраз кідіріп, әкесіне хабарламай жасырын жағдайда өзі басқаратын керей, уақ, тарақты руларынан қарулы күштер жасақтап, Сырдың арғы бетіне , Қызылқұм жағына билік жүргізіп жатқан хиуалықтарға шабуыл жасайды. Оларды қарақалпақтар қонысына дейін ығыстырады. Бұдан соң Ерәліні 1740 жылы Орта жүздің түстігін алып жатқан Сырдың екі жақ өңіріне хан көтереді. Ол ағасы Нұралы ханның Уфаға жер аударылуына және туысы Айшуақ сұлтанды патша әкімшілігінің Орал қаласында ұстап, Кіші жүзге қайтармауына байланысты Ресей империясының саясатына қарсы наразы топтардың қозғалысына басшылық жасаған. Ол бастаған халық қозғалысын оңай баса алмайтығындығын түсінген Орынбор генерал-губернаторы А.А.Пеутлинг қайтыс болған Нұралы ханның орнына Кіші жүз ханы етіп Ерәліні сайлауды ұйғарған. 1791 жылы 4 қыркүйекте Ресей патшайымының жарлығымен Ерәлі Кіші жүз ханы болып сайланады. Ерәлі хан елдің жағдайына қатысты мәселелерді дипломатиялық жолмен шешуге тырысқан.

Ерәлі хан болып сайланған кейін де өз ордасын Сыр бойындағы бұрынғы орнынан көшірген жоқ. Ерәлі ханның әйелі - Хиуалықтардың ханы Елбарыстың қызы. Ұлдары Жантөре, Темір, Бөлекей белгілі сұлтан, кейіннен хан болған.

1794 жылы Ерәлі хан қайтыс болғаннан кейін, 1796 жылы қазан айында ғана Нұралы ханның баласы Есімнің хан болып сайланғаны жарияланады.

  

  

Дерек көзі:

Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 3 том.

Соңғы жаңалықтар