Ералы Тоғжанов медициналық оңалтуға бөлінген қаражатты қайта қарауды тапсырды

«Медициналық оңалтуды дамыту бағытында айтарлықтай өзгерістер бар. Саланы қаржылық қамтамасыз ету көлемі ұлғайды. Маған берілген деректер бойынша, медициналық оңалтуға 2022 жылы 66 млрд теңге қарастырылған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 11 есе көп. Бірақ осы жерде менде басқа сұрақ туындап отыр. Бұл үлкен есеппен алғанда өте жақсы көрсеткіш, тек көрсетілетін қызмет санын қарау керек. Ақшасы бойынша 11 есе өсім бар, ал қызмет саны соншалық көп емес», - деді вице-премьер.
Үкімет басшысының орынбасары аталмыш қаражатты тиімділігі тұрғысынан қайта қарау керек деп есептейді.
«Егер ашқасы 11 есе көтерілсе, оңалту қызметін алатын азаматтарды саны да 11 есе болмаса да, 3-5 есе өсетіндей мүмкіндік бар ғой. Яғни, біраз сұрақтар бар. Сондықтан қайтадан қарау керек», - деді Ералы Тоғжанов