Ерасыл Қажыбаев Хорватиядағы Гран-при турнирінде жүлдесіз қалды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық дзюдошы Ерасыл Қажыбаев Загребтегі (Хорватия) Гран-при турнирінде қола жүлде үшін белдесті, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
Отандасымыз 100 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғады.
Ерасыл қола жүлде үшін өткен белдесуде Саба Инанеишвилимен (Грузия) кездесіп, қарсыласына жол берді.
Осылайша Ерасыл Қажыбаев Гран-при турнирін бесінші орында аяқтады.
Бұдан бұрын Ерасыл Қажыбаев Загребтегі Гран-при турнирінде қола жүлдеге таласатыны белгілі болды.
Сонымен қатар қазақ дзюдошылары Загребте өтіп жатқан Гран-при турнирінің алғашқы күні бір алтын мен екі күміс медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.