Ербаян Мұхтардың комаға түсуі жанама аурулардың салдары – Ұлттық ұлан

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық ұлан бөлімшесінде мерзімді әскери қызмет атқарған Ербаян Мұхтардың комаға түсуіне жанама аурулар себеп болған. Бұл туралы бүгін AMANAT партиясында өткен іс-шарада Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Қайрат Үмбетов айтты.

Комаға түскен әскер
Фото: freepik.com

«Ербаян Мұхтар Ұлттық ұлан қатарында әскери қызметін атқару кезінде түнгі сағат 2-де ұйқысынан тұрып, дәретханаға барғанда жығылып, жарақат алған. Қазіргі жағдайы сол жарақаттан емес. Сарбаз емделу кезінде жұқпалы ауру жұқтырып алған. Біздің қолымыздан, әскери бөлім басшылығынан дәрігерлік көмек көрсетіліп жіберілген. Өкінішке орай, емделу кезінде ол өкпенің қабынуы, іріңді гайморит жанама ауруына ұшыраған. Осыған байланысты дәрігерлердің кеңесуі арқылы мәжбүрлі түрде жасалған ота барысында осындай жағдайға душар болып отыр», - деді Қайрат Үмбетов.

Айта кетейік, бұған дейін әскерде жүріп, бас жарақатын алған қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтар 6 айдан бері комада жатқаны туралы жазған едік. 

Таяуда Қорғаныс министрлігі Отан алдындағы борышын өтей жүріп, денсаулығына нұқсан келген Ербаян Мұхтарға ведомствоның емдеу мекемелерінде медициналық көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. 

Соңғы жаңалықтар