Ербол Алшынбай «Шабыт» фестивалінде Президент Кубогына ие болды

Қазылар алқасының назарына жас ақын қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы қиындықтары туралы баяндайтын «Көлеңкесіз адам» атты шығармасын және «Құлан ауған» өлеңін ұсынды. Ербол Алшынбай биыл «Шабыт» фестивалінде бағын сынаған 644 қатысушының ішінен үздік деп танылды. «Шабыт» фестивалінің жеңімпазы бірқатар әңгімелер жазған және «Астана» радиосында «Мен қазақпын» авторлық бағдарламасын жүргізеді.
Бұрын хабарланғандай, кеше Астанада «Шабыт» XIX Халықаралық шығармашылық жастар фестивалі аяқталды. Қазақ ұлттық өнер университетінің Ж. Жабаев атындағы концерт залында фестиваль қорытындысы шығарылып, конкурс қатысушыларына лауреаттық және атаулы сыйлықтар табыстау салтанаты өтті. Ал кешке Бейбітшілік және келісім сарайында фестивальдің жабылуы мен ҚР Президенті кубогын табыстау рәсімі ұйымдастырылды. Шара барысында түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар өнер көрсетті.
Бұрын хабарланғандай, «Классикалық музыка» номинациясында шығармаларды ағаш үрмелі аспаптарда орындағаны үшін жеңімпаздар «Шабыт» халықаралық фестивалінің дипломдарымен марапатталды. Атап айтқанда, Ислам Әлиев - ІІІ дәрежелі диплом, Фуркат Тургунов, Талғат Сапабеков - ІІ дәрежелі диплом, Әйгерім Дәуітбаева, Фариза Ералы - І дәрежелі диплом. Аталған номинация бойынша Толғанай Дәулет фестиваль гран-приін иеленді.
«Классикалық музыка» номинациясында (үрмелі аспаптар мен соқпалы аспапта) Ерасыл Әмешовке және Айдар Фазыловқа дипломдар табысталды. Аталған номинация бойынша гран-при Ілияс Әбдірашевке бұйырды.
«Классикалық музыка» номинациясында (Классикалықаспапты ансамбль) Ақдидар Тоқтаған мен Дана Букунева жеңімпаз атанды. Жібек Сапарғалиева, Гүлмира Сайдалина, Роза Солтыханова, Александр Климов (Флейта квартеті), соғымпаздар Саят Елеусін, Ярослав Середич, Мұхамедбатыр Балтабайұлы, Айдар Фазылов, Сакен Раманов, Еркебұлан Рахимов, Кабдул Шаншарбаев дипломдармен марапатталды. І дәрежелі диплом Дарья Васильева (виолончель) және Камиль Мухаметдинов (фортепиано) дуэтіне табысталды.
«Бейнелеу өнері» номинациясында Нұрболат Асқар гран-приге қол жеткізді. Бұрын хабарланғандай, бұл санат бойынша ең көп адам қатысты - қазылар алқасының бағалауына 192 адам өз еңбегін ұсынды. Сонымен қатар, «Бейнелеу өнері» номинациясында (көркем сурет) Жәнібек Нұрбекұлы, Нұржан Асылхан және Рустем Беркінбаев, «Бейнелеу өнері» (графика) -Мәдина Қыдырбаева, Жансая Ақылбекова, Янина Михайлова диплом алды.
«Халық музыкасы» номинациясында Аятолла Тұрғанов (қобыз-прима, қылқобыз), Дарын Құдайбергенов (домбыра) және Бауыржан Мұқажанов (домра-прима, шертер, бас-шертер) үздік атанды.
«Эстрадалық вокал» номинациясында Қайсар Далайұлы топ жарды. Сонымен қатар, Улан-Удэден келген қатысушы Дулма Сунрапова мен қытайлық конкурсант Юлия Сидорчук дипломдармен марапатталды.
«Хореография» номинациясында Алматы облысының «Алтынай» би ансамблі үздік деп танылды. Ұжым халық биін орындады. Шетелдік қатысушылардың ішінен Бішкектен келген «Жаш Қанат» ансамблі атап өтілді. Жеке орындаушылардың номерлері де жоғары деңгейде орындалды. Дана Топтаева, Омар Мұхамметәлиев, Ержан Құдайбергенов және Көркем Шолошовалар дипломдармен марапатталды.