Ерболат Досаев жедел штабтың шұғыл кеңесін өткізіп жатыр

штаб
Фото: Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев штабта сағат 00:20-дан бастап Жедел штабтың шұғыл кеңесін өткізіп жатыр, онда одан әрі іс-қимыл жоспары талқылануда.

Қаладағы тіршілікті қамтамасыз етудің барлық жүйесі жұмыс істеп тұр. Полиция департаменті штаттық режимде қызмет атқауда. Барлық мектеп пен балабақша ашық, халықты жинау пункттері сақадай сай.

«Жедел медициналық жәрдем қызметі және барлық көпбейінді стационарлар, оның ішінде мамандандырылған стационарлар, балалар стационарлары, қаланың босандыру ұйымдары күшейтілген режимге көшті. Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді және таратпауларыңызды сұраймыз. Тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз», - деп хабарлады әкімдіктен.

Соңғы жаңалықтар