14:03, 17 Тамыз 2025 | GMT +5
Ердоған: Түркия Аляска саммитін құптайды, Украинадағы бейбітшілікті жақтайды

Президент Ердоған бұл мәселе туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
– АҚШ президенті Трамп пен Ресей президенті Путиннің Аляскадағы келіссөздері Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату жолдарын іздеуге жаңа серпін берді. Біз Аляска саммитін құптаймыз және Украина президенті Зеленскийді қамтитын бұл жаңа процесс тұрақты бейбітшіліктің негізін қалайды деп үміттенеміз, - деді Түркия президенті.
Президент Ердоған Түркияның Украина жерінде бейбітшілік орнату үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Еуроодақ басшылары Путин мен Трамп кездесуінен кейін бірлескен мәлімдеме жасаған болатын.