Ердоған Түркия үкіметінің жаңа құрамын таныстырды

АСТАНА. Анадолы-ҚазАқпарат - Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жаңа министрлер кабинетінің құрамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
None
Фото: Анадолы агенттігі

Мемлекет басшысы Анкарадағы Чанкай резиденциясында өткен баспасөз мәслихатында Түркия үкіметінің жаңа мүшелерін таныстырды.

Жаңа министрлер кабинеті:

Джевдет Йылмаз - Түркияның жаңа вице-президенті

әділет министрі - Йылмаз Тунч

отбасы және әлеуметтік қызметтер министрі - Махинур Оздемир Гөкташ

еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрі - Ведат Ишыкхан

қоршаған орта және урбанизация министрі - Мехмет Озхасеки

сыртқы істер министрі - Хакан Фидан

энергетика және табиғи ресурстар министрі - Алпарслан Байрактар

жастар және спорт министрі - Осман Ашкын Бак

қазынашылық және қаржы министрі - Мехмет Шимшек

ішкі істер министрі - Али Йерликая

ұлттық білім министрі - Юсуф Текин

ұлттық қорғаныс министрі - Яшар Гюлер

денсаулық министрі - Фахреттин Коджа

мәдениет және туризм министрі - Мехмет Нури Эрсой

өнеркәсіп және технологиялар министрі - Мехмет Фатих Каджыр

ауыл және орман шаруашылығы министрі - Ибрагим Юмаклы

сауда министрі - Омер Болат

көлік және инфрақұрылым министрі - Абдулкадир Уралоглу

Ердоған Түркия үкіметінің жаңа құрамына табыс тіледі.


Соңғы жаңалықтар