16:18, 29 Қаңтар 2009 | GMT +5
«Ерефли Стар» кемесінен есірткі табылды
АҚТАУ. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті «Теңіз порты» кеден бекеті және Контрабандаға қарсы күрес басқармасы қызметкерлері,

ҚР ҰҚК Шекара қызметкерлерімен бірлескен түрде «Мирта» атты қызметтік іздестіру итін пайдалана отырып, 2009 жылдың 28 қаңтарында «Ақтау - Энзели (Иран) - Ақтау» бағытындағы «Ерефли Стар» теңіз кемесіне кедендік және шекаралық тексерулер жүргізу барысында аталған кеменің электромеханигі 1975 жылы туған, Ресей Федерациясының азаматы Л. каютасының жатын орнынан матрац астынан полиэтилен пакетіне оралған, өзіндік иісі бар, қою-қоңыр түсті нәрсе тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі кеден департаментіне сілтеме жасап. «Әрі қарай тексеру барысында Л. жұмыс орны дизельді генераторы орналасқан бөлмесінен қою түсті нәрсенің қалдық іздері қалған шприц және шыны ыдыс табылған. Жүргізілген сараптама шешімі бойынша табылған қою-қоңыр түсті нәрсе наркотикалық гашиш екені анықталды, салмағы ? 35,6134 гр., ал шыны ыдыста героин есірткісінің қалдықтары табылды», дейді Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау бөлімі бас маманы Мақсат Ақмұратов.ҚР ҚК 259 б. 1 бөлімімен және ҚК 250 б. 1 бөліміне байланысты азамат Л-ға қатысты іс қозғалды, қазіргі кезде ҚР ҚІЖК 132 бабына сәйкес ол Маңғыстау облысының ІІД Уақытша ұстау изоляторында қамауда.