Ереванда үкімет ғимараты алдында екінші күн қатарынан наразылық шеруі өтіп жатыр

Ереванның орталығындағы Армения үкіметі ғимаратының алдына жүздеген наразы адам жиналды. Бұл жайында оқиға орнынан ТАСС тілшісі хабарлады. 

Армения митинги
Фото: кадр из видео ТАСС

Олар әуелі үкімет ғимаратының жанында қысқаша митинг өткізді.

Азаматтар Таулы Қарабақтағы армян халқына гуманитарлық дәліз берілуін талап етіп, олардың қандай қиын жағдайға тап болғанын айтты.

Шерушілер премьер-министр Никол Пашинянға да қарсылығын білдірді. 

Күзет үкімет ғимаратының кіреберісін бірнеше қатарда күзетіп тұрды.

Тәртіп сақшыларымен қақтығыс болған жоқ. Қаланың қалған бөлігі тыныш.

Бұдан кейін азаматтар Республика алаңынан Маршал Баграмян даңғылына қарай бет алды. Жол бойымен келе жатқан олар дауыс зорайтқыш арқылы Таулы Қарабахтағы армян халқына гуманитарлық дәліз беруді талап етті.

Шеруге негізінен жастар қатысты. Олар Армения мен Арцахтың (танылмаған Таулы Қарабақ Республикасы) туын ұстап тұр.

Полиция шерушілерге еш кедергі жасамай ілесіп жүрді. Азаматтар жол қиылыстарын жауып тастауға тырысқан жоқ. 

DW хабарлауынша, осындай шеру Ереванда кеше, 22 қыркүйекте де өткен. Мың кісі шамасында жиналған ереуілден соң 98 адам ұсталған. 

Олар Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етті. 

Соңғы жаңалықтар