Еревандағы медициналық орталықта қаруланған ер адам оқ жаудырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ереванда қаруланған азамат емдеу жүргізіліп жатқан «Армения» медициналық орталығына баса көктеп кіріп, ретсіз оқ жаудырған. Бұл жайлы news.am хабарлайды. 
None
None

Ақпарат агенттігі таратқан мәліметтерге қарағанда, 2 қазан күні күндіз «Армения» медициналық орталығында болған атыс кезінде «Банда» туралы қылмыстық істің фигуранты Давид Галстян қашып кетпекші болған. Ол ем алу үшін ауруханада жатқан.

Полиция оқ атушының кім екенін әзірге хабарламай отыр, тек оның қамауға алынғандығын мәлімдеді.

 

Соңғы жаңалықтар