Ерейментауда 3 мыңнан астам тұрғынға қоқыс үшін негізсіз ақы есептелген
АСТАНА. KAZINFORM — Ақмола облысы Ерейментау қаласында 3 013 тұрғынға қоқыс шығару үшін негізсіз ақы есептелген.
Прокуратура араласқаннан кейін 1,1 млн теңгенің негізсіз есептеуі алынып тасталып, тұрғындарға 60 251 теңге қайтарылды.
Тексеру барысында Repoint ЖШС Kaspi.kz қолданбасы арқылы жеке үйлерде тұратын, қоқыс контейнерлері жоқ және тұрмыстық қалдықтарды өздері шығаратын тұрғындарға ақы төлеу туралы негізсіз шоттар ұсынғаны анықталды.
Аудан прокуратурасының қадағалау актісінен кейін заңсыз есептеулер алынып тасталып, тұрғындардың құқығы қорғалды.
Еске салайық, бұған дейін Павлодар тұрғыны әкімдікті сотқа беріп, саяжайда үй тұрғызуға рұқсат алғанын жазған едік.